Бағдарламар

B.Eng. in Mechanical and Aerospace Engineering

Механикалық инженерия бакалавриат бағдарламасы мамандарды ғылымның түрлі саласына алдын ала әзірленген төрт жылдық бағдарламаны және ең кемінде 12 апталық  инженерлік тәжірибені қолдана отырып  дайындайды.

B.Eng. in Chemical and Materials Engineering

Химиялық инженерия бакалавриат бағдарламасы күндізгі бөлімдегі төрт жылдық білім беру жүйесін ұсынады. Бағдарлама – студент бағытталған әдісіне негізделген, мамандығы «Химиялық инженерия» болып табылатын жүйелік инженерлерді даярлайды.

B.Eng. in Electrical and Computer Engineering

Электротехника және электроника инженерлер бакалавриат бағдарламасы толығымен ағылшын тілінде жүргізілетін, төрт жылдық күндізгі оқытуды ұсынады. Бағдарлама Ұлыбританиядағы Инженер-технологиялық аккредиттеу кеңесімен (IEng) белгіленген білім беру талаптарын толықтай орындау мен қатар аккредиттелген инженерлерге  (CEng) арналған білім берудің негізінің талаптарына  жартылай сәйкес келеді. Одан әрі аккредиттелген инженер мәртебесін алу үшін қосымша оқу курсын өту қажет.

B.Eng. in Civil and Environmental Engineering

Құрылыс инженерия саласындағы бакалавриат бағдарламасы Ұйымдастырушылардың бірлескен кеңесі (Joint Board of Moderators, JBM) және Тіркелген Инженерлер (Incorporated Engineer, IEng) талаптарын толығымен және Аккредиттелген Инженерлермен (Chartered Engineer, CEng) белгіленген талаптарды ішінара қамтиды. Одан әрі аккредиттелген инженер мәртебесін алу үшін қосымша оқу курсын өту қажет.