Бағдарламалар

Бағдарламаға шолу

Химиялық инженерия және материалдар технологиясы саласындағы магистратура бағдарламасы – Назарбаев Университетінде (НУ) Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі (ИЦҒМ) ұсынатын мамандандырылған бағдарлама. Студенттерге 4 семестрде 120 ECTS кредиттерін алу қажет, бұл ғылым магистрі дәрежесін алу үшін Болон процесі мен Еуропалық кредиттерді аудару және жинақтау жүйесінің (ECTS) талаптарына сай келеді. Бағдарлама зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған және дипломдық зерттеу жұмысы, сондай-ақ курстық жұмыстар арқылы химиялық инженерия және материалдар инженериясы саласының күрделі техникалық міндеттерін жоғары деңгейде шешу дағдыларын меңгеру үшін әзірленген.

Химиялық инженерия және материалдар технологиясы саласындағы магистратура бағдарламасының барлық студенттері қолданбалы математика, алмасу құбылысы, термодинамика және химиялық реакция инженериясы тәрізді химиялық инженерия және материалдар технологиясының негізгі салаларындағы бес жетілдірілген негізгі курстардан                 (30 ECTS) өтулері тиіс. Бұдан басқа, студенттерге өздерінің зерттеу қызметін тиімді жобалау және ұсыну үшін қажетті, негізгі білім беретін зерттеу қызметінің әдістері мен этикасы, зерттеу семинары және техникалық өзара қатынастар деген үш негізгі курс ұсынылады (18 ECTS). Студенттер сондай-ақ өздерінің зерттеушілік қызығушылықтары негізінде ұсынылған нұсқалар тізімінен таңдауы бойынша (24 ECTS) төрт курсты таңдап ала алады. Үшінші және төртінші семестрлерде студенттер тәуелсіз зерттеу жүргізу мақсатында магистрлік дипломдық жұмыс І (24 ECTS) және магистрлік дипломдық жұмыс ІІ (24 ECTS) курсынан өтеді. Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы студенттерге білім беру, энергияны қайта өндіру және сақтау; қоршаған ортаны қорғау; ремедиация және ресурстарды пайдалану тиімділігі; процестерді жобалау және симуляциялау; композициялық функциялық материалдар және т.с.с. сияқты, әртүрлі салалардағы тақырыптардың кең ауқымын ұсынады. Зерттеуге бағытталуын ескерер болсақ, бағдарлама магистратура студенттеріне инженерлік инновациялар құру, зерттеу тәжірибесін өндіріске ауыстыру, сондай-ақ елде болашақ технологияларды дамытуды күшейту үшін қажет дағдыларды беруге арналған.

Мақсаттары және міндеттері   

Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің миссиясы  Қазақстанның дамуына үлес қосу, яғни:

  • Кәсіпорынның кешенді техникалық мәселелерін шешудің жаңа әдістерін ұйымдастыруда және іздеуде жетекшілік ету үшін инженерлік-техникалық тәжірибесі бар студенттерді оқыту.
  • Назарбаев Университетінің басқа мектептерімен және зерттеу орталықтарымен және жетекші әлемдік университеттермен пәнаралық ынтымақтастық негізінде инженерия саласында білім кешендерін құрып, инновациялық және жаңа іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізу.
  • Біздің кәсіптік қоғамдастық арқылы инженерия саласындағы кәсіптік оқытуды ілгерілету, сондай-ақ практик-мамандар үшін өмір бойы оқуға мүмкіндіктер жасау.

Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің миссиясы  Қазақстанның дамуына үлес қосу, яғни:

  • Кәсіпорынның кешенді техникалық мәселелерін шешудің жаңа әдістерін ұйымдастыруда және іздеуде жетекшілік ету үшін инженерлік-техникалық тәжірибесі бар студенттерді оқыту.
  • Назарбаев Университетінің басқа мектептерімен және зерттеу орталықтарымен және жетекші әлемдік университеттермен пәнаралық ынтымақтастық негізінде инженерия саласында білім кешендерін құрып, инновациялық және жаңа іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізу.
  • Біздің кәсіптік қоғамдастық арқылы инженерия саласындағы кәсіптік оқытуды ілгерілету, сондай-ақ практик-мамандар үшін өмір бойы оқуға мүмкіндіктер жасау.

Түлектердің кәсіби біліктіліктері   

Назарбаев Университетінің химиялық инженерия және материалдар технологиясы саласындағы магистратура бағдарламасы түлектерінің мынадай біліктіліктері болуы тиіс:

  • оқитын пән саласын терең және толық түсіну;
  • ой зеректігі, білімге құмарлық, жасампаздық және ой-өрісінің кеңдігі;
  • алқалы түрде сараланған шешімдер қабылдау;
  • іскерлік,  дербестік және жаңа мүмкіндіктер табу қабілеті;
  • тілдер мен мәдениеттер арасында ұтқыр және икемді болу қабілеті;
  • өз елінің жауапкершілікті мойнына алатын азаматы ретінде мәдениетті және төзімді болу қабілеті;
  • жоғары саналылық таныту;
  • елді дамытуда жетекші рөл атқаруға дайындығы.

Химиялық инженерия және материалдар технологиясы саласындағы магистратура бағдарламасы студенттерге:

  • шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту мақсатында жеке және топта жұмыс істеуге, өзара іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығу шараларына қатысу;
  • шығармашылықты дамыту мақсатында жобалау тапсырмаларын орындауға қатысу, өзара іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру мақсатында жобалар бойынша есептер жасауға, сондай-ақ топ мүшелерімен және ОПҚ-мен топтық пікірталастарға қатысу;
  • жеке басқа қол сұқпаушылық және мәдени төзімділікті танытуға мүмкіндік бере отырып, түлектердің кәсіптік біліктілігін іске асыруға көмектеседі.

Осы біліктіліктер оқыту нәтижелерінде қаралады.

Бағдарлама бойынша оқу нәтижелері

 Бағдарламаны сәтті аяқтағанда түлектер

  • химиялық инженерия және материалдар технологиясы тұжырымдамасын жетік деңгейде қолданады;
  • жетілдірілген зерттеу дағдылары мен тиісті әдіснама арқылы өз мамандану саласында зерттеу қызметін жоспарлайды және жүргізеді;
  • өзінің зерттеу жұмысын және қазіргі кезде бар ғылыми әдебиетті сыни тұрғыда бағалайды;
  • зерттеу жұмысын жүргізу мәселелері бойынша жалпы қоғаммен, мамандармен өзара тиімді әрекеттеседі;
  • командада жұмыс істейді, сондай-ақ қажет болған жағдайда көшбасшы бола алады.