Бағдарламалар

Бағдарламаға шолу

Механика және аэроғарыштық инженерия ғылымдарының магистрі (MSc-MAE) Назарбаев Университетінің (NU) Инженерия мектебінде (SEng) ұсынылған арнайы бағдарлама. НУ ұстанған Болон және Еуропалық Кредиттік Жинақтау Жүйесі (ECTS) бойынша магистр дәрежесін алу үшін, студенттерге 4 семестрдін ішінде 120 ECTS алу қажет. MSc-MAE механикалық және аэроғарыштық магистр бағдарламасы бойынша студенттерге кәсіби-технологиялық және ғылыми тағылымдаманы арттыру үшін, қажетті курстар жиынтығы ұсынылады:

  • Жетілдірілген математика;
  • Бағдарламаның 3 (үш) негізгі бағыты бойынша әдістеме;
  • Классикалық және жаңа зерттеу әдістері;
  • Ғылым мен техника саласында ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау.

Механика және аэроғарыштық инженерия ғылымдарының магистр бағдарламасы келесі мақсаттарға қол жеткізу арқылы Инженерия мектебінің миссиясын көрсетуді мақсат етеді:

  • Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласындағы инженерлерге заманауи ұйымда топтарды жетекшілік етуі үшін күрделі деректерге негізделген маңызды шешімдер қабылдау қабілетін арттыру;
  • Қазіргі заманғы өндірістік ортадағы басқарушылық деңгейде инженерлік немесе ғылыми жобаларды тиімді ұйымдастыруға және басқаруға дайындау;
  • Экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жауапкершілік пен қауіпсіздікті есепке ала отырып, инженерлерді кәсіби практикаға ең қатаң және ең жоғары этикалық стандарттармен дайындау; және де
  • Инновациялық және жоғары технологиялық өнімдер мен қызметтерді құруға үлес қосатын механикалық және аэроғарыштық инженерия саласындағы жаңа буын инженерлерінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы Қазақстанның экономикалық дамуына қолдау көрсету.

Түлектердің кәсіби біліктіліктері   

Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласындағы магистратура бағдарламасы  НУ-дың миссиясымен және пайымымен тығыз байланыста, студенттердің кәсіптік дамуына жәрдемдесу мақсатында оларды ғылыми-техникалық экожүйеге бейімдейді. Түлектердің кәсіби біліктіліктері:

  • оқитын пән саласын терең және толық түсіну;
  • ой зеректігі, білімге құмарлық, жасампаздық және ой-өрісінің кеңдігі;
  • алқалы түрде сараланған шешімдер қабылдау;
  • іскерлік,  дербестік және жаңа мүмкіндіктер табу қабілеті;
  • тілдер мен мәдениеттер арасында ұтқыр және икемді болу қабілеті;
  • өз елінің жауапкершілікті мойнына алатын азаматы ретінде мәдениетті және төзімді болу қабілеті;
  • жоғары саналылық таныту;
  • елді дамытуда жетекші рөл атқаруға дайындығы.

Магистратура бағдарламасының аясында осы дағдыларды дамыту үшін студенттерге: (а) жеке және топтық тапсырмаларды орындауға; (b) шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту үшін оқу-жаттығуларға; (с) шығармашылықты дамыту тапсырмаларын әзірлеуге; (d) өздерінің қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру үшін жобалық зерттеулер бойынша презентацияларға және оларды өткізуге қатысуға және (e) жеке басына қол сұқпаушылық және мәдени төзімділік дағдыларын дамыту мақсатында студенттер мен ОПҚ арасындағы топтық пікірталастарға қатысуға мүмкіндік беріледі. Бұл дағдылар да келесі бағдарлама бойынша оқу нәтижелерінде ескеріледі.

Бағдарлама бойынша оқу нәтижелері

 Бағдарламаны сәтті аяқтағанда түлектер:

  • механикалық және аэроғарыштық тұжырымдамаларды жетік деңгейде біледі;
  • қазіргі кезде бар ғылыми әдебиетті сыни тұрғыда талдайды және өзінің зерттеу дағдыларын дамытады;
  • алған білімдері мен тиісті әдістерді пайдалана отырып, инновациялық зерттеу жүргізеді;
  • зерттеу жұмысын жүргізу мәселелері бойынша жалпы қоғаммен, сарапшылармен өзара тиімді әрекеттеседі.

Program Duration:

 The nominal MSc program duration is two years, while the maximum allowable duration can be extended up to two and half years (excluding leave of absence and deferment of admission; see “ACADEMIC POLICIES AND PROCEDURES FOR GRADUATE PROGRAMS OF THE AUTONOMOUS ORGANIZATION OF EDUCATION ‘NAZARBAYEV UNIVERSITY’” for further details).