Бағдарламалар

Құрылыс және Экологиялық Инженерия Магистрі

Құрылыс және Экологиялық Инженерия саласындағы магистратура (MSc-CEE) бағдарламасы Назарбаев Университетінің (NU) Инженерия мектебі (SEng) ұсынатын арнайы бағдарламасы болып табылады. Студенттер Болон процесі және Еуропалық трансферттеу (аудару) және жинақтау жүйесінің (ECTS) талаптары бойынша 4 семестрде 120 ECTS кредитін алу керек.

Құрылыс және Экологиялық Инженерия магистратура (MSc-CEE) бағдарламасы құрылыстың 4 (төрт) негізгі бағыты бойынша болашақ инженерлерге кешенді технологиялық және ғылыми дайындықты ұсынады:

1) Құрылыс инженерия және материалдар;

2) геотехникалық инженерия;

3) қоршаған ортаны қорғау инженериясы;

4) Құрылысты басқару

Бағдарламаның ұзақтығы

«Құрылыс және Экологиялық Инженерия Магистрі» бағдарламасының оқу ұзақтылығы – 2 (екі) жыл.

Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің миссиясы – Қазақстанның дамуына үлес қосу, атап айтқанда:

  • жетекші ұйымдар үшін практикалық инженерлік тәжірибесі бар студенттерді оқыту және кәсіпорынның күрделі техникалық проблемаларының инновациялық шешімдерін қамтамасыз ету;
  • Назарбаев Университетінің басқа мектептерімен, зерттеу орталықтарымен және әлемнің жетекші университеттерімен пәнаралық ынтымақтастық арқылы механикалық инженерия саласындағы білімдер кешенін дамытатын, қолданбалы зерттеулердің инновациялық және жаңашыл негіздерін жасау.
  • кәсіби қоғамдастық және қызмет ету кезінде практикалық оқу мүмкіндіктерін беру үшін біздің сервистің көмегімен инженерия саласын кәсіби тұрғыда дамыту.

«Құрылыс және экологиялық инженерия магистрі» бағдарламасының мақсаты

Жоғары аталған бағдарламасының негізгі мақсаттары:

1) құрылыс және экологиялық инжинирингтік  талдау мен модельдеу барыстарында соңғы технологиялар мен әдістерін қолдану

2) инженер-мамандар үшін қажетті терең білім мен инновациялық идеяларды және әдістерді қолдана отырып, құрылыс  және экологиялық инженерия проблемаларды шешуді дамыту;

3) құрылыс  және экология инженерия саласындағы жоғары сапалы зерттеулер жүргізу дағдыларын дамыту;

4) инженерлік және инженерлік емес тақырыптарды біріктіріп, құрылыс  және экология инженер мамандығы бойынша кездесетін мәселелерді шешу

Түлектердің кәсіби біліктіліктері   

Құрылыс және экологиялық инженерия саласындағы магистратура бағдарламасы студенттерді НУ-дың миссиясы мен пайымына сәйкес олардың кәсіби дамуына көмектесетін, ғылыми-техникалық экожүйеге бейімдейді. Олардың біліктіліктері:

  • 1) оқитын пән саласын терең және толық түсіну;
  • 2) ой зеректігі, білімге құмарлық, жасампаздық және ой-өрісінің кеңдігі;
  • 3) алқалы түрде сараланған шешімдер қабылдау;
  • 4) іскерлік,  дербестік және жаңа мүмкіндіктер табу қабілеті;
  • 5) тілдер мен мәдениеттер арасында ұтқыр және икемді болу қабілеті;
  • 6) өз елінің жауапкершілікті мойнына алатын азаматы ретінде мәдениетті және төзімді болу қабілеті;
  • 7) жоғары саналылық таныту;
  • 8) елді дамытуда жетекші рөл атқаруға дайындығы.

Магистратура бағдарламасының аясында осы дағдыларды дамыту үшін студенттерге: (а) жеке және топтық тапсырмаларды орындауға; (b) шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту үшін командадағы оқу-жаттығуларға; (с) шығармашылықты дамыту тапсырмаларын әзірлеуге; (d) өздерінің қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру үшін жобалық зерттеулер бойынша презентацияларға және оларды өткізуге қатысуға; және (e) жеке басына қол сұқпаушылық пен мәдени төзімділік дағдыларын дамыту мақсатында студенттер мен оқытушылар арасындағы топтық пікірталастарға қатысуға мүмкіндік беріледі. Бұл дағдылар да келесі бағдарлама бойынша оқу нәтижелерінде ескеріледі.

Бағдарлама бойынша оқу нәтижелері

 Бағдарламаны сәтті аяқтағанда түлектер:

  • құрылыс және экологиялық инженерия саласындағы жүйелерді талдайды және жобалайды;
  • Қазақстанды дамыту және басқару, оның саяси бағытын қолдау үшін құрылыс және экологиялық инженерия саласында жетілдірілген тұжырымдамаларды қолданады;
  • ғылыми әдебиет жинақтарын, сондай-ақ құрылыс және экологиялық инженерия саласындағы инновацияларды қайта қарайды, талдайды және түсіндіреді;
  • жоғары кәсіптік және этикалық стандарттарды қолдана отырып, құрылыс және экологиялық инженерия саласындағы жаһандық мәселелерді шешуге атсалысып, сапалы зерттеулер жүргізеді;
  • озық жаңа идеялар мен зерттеу нәтижелерін бағалайды, содан соң мамандандырылған және ауқымды аудиторияға жеткізеді.

Program Duration 

 The nominal MSc program duration is two years, while the maximum allowable duration can be extended up to two and half years (excluding leave of absence and deferment of admission; see “ACADEMIC POLICIES AND PROCEDURES FOR GRADUATE PROGRAMS OF THE AUTONOMOUS ORGANIZATION OF EDUCATION ‘NAZARBAYEV UNIVERSITY’” for further details).