Бағдарламар

247322

Роботтехникасы және мехатроника

Роботтехникасы саласындағы  екіжылдық магистрлік бағдарлама студенттерді  роботтехникасы саласында  академиялық ортада, мемлекеттік саясатта және жеке бизнес салаларында табысты болуы мүмкін кәсіби инженерлер мен ғалымдар  ретінде дайындауға арналған.

Оқу бағдарламасы заманауи  роботтехникасы жүйелерінің электр, механикалық және жасанды интеллект аспектілеріне қатысты жасалған. Түлектер  жаһандық  экономикада  роботтандырылған  жүйелерді әзірлеумен,  сондай-ақ қызмет көрсету секторында роботтехникасы таралуынаң пайда болуына байланысты сыни проблемаларды озық түсінуді әзірлейді .Бағдарламада ұсынылған элективті курстар: адам роботымен өзара іс-қимыл, мобильді роботтехникасы, қозғалысты роботтандырылған  жоспарлау, гуманоидттар, биоробот роботтехникасы және өнеркәсіптік роботтехникасы.

Бағдарлама түлектері машина жасау, энергетика, химия, электроника және инновациялар секторын қоса алғанда, оның ішінде, Қазақстанның  өсіп келе жатқан басым секторларында жұмыс істеу үшін дайындау ниеті бар. Бағдарлама түлектері  зияткерлік жүйелердегі маңызды мәселелерді зерделеуге, Қазақстанда да  сондай-ақ шетелдерде де технологиялар саласына елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы ғылыми дағдыларға ие болады.

Бағдарлама туралы қосымша ақпарат алу үшін роботтехникасы кафедрасының меңгерушісі   Атыкан Варолмен байланысқа шығуға болады (ahvarol@nu.edu.kz)

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Робототехника бойынша магистратура бағдарламасына өтініш білдірушілердің:

1) Қабылдау комиссиясы анықтайтын тиісті пән бойынша бакалавр дәрежесі (бакалавриат немесе баламасы);

2) ең төменгі CGPA 2.75-ке тең;

3) төменде көрсетілген ағылшын тілін білудің қажетті деңгейі;

4) 2 ұсыным хат;

5) тағайындау туралы жеке өтініші;

6) егер босату үшін талаптар орындалмаса, IELTS немесе TOEFL нақты сынақ есебінің тапсырылуы (ұсынылуы тиіс) (төменде қараңыз).

 

Ағылшын тілін білудің талап етілетін деңгейі:

Робототехника бойынша магистратура бағдарламасына түсу үшін ағылшын тілін меңгеру бойынша тест тапсырмасының абсолюттік ең төменгі талаптары IELTS тесті бойынша 6,5 баллдан кем емес (6,0 кем емес), немесе ETS веб-сайтында жарияланған TOEFL балама көрсеткіші. Қабылдау комиссиясының қалауы бойынша физика бойынша магистрлік бағдарламасына үміткерлер мынадай жағдайларда тіл білу деңгейін тексеру туралы тесті тапсырудан босатылуы мүмкін:

• үміткердің бұрынғы академиялық дәрежелерінің бірі ағылшын тілінде сөйлейтін елде анықталғанда;

• бакалавр дәрежесі ресми түрде ағылшын тілінде оқытылған бағдарламада алынды;

• үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болғанда.