Біз туралы

Инженерия мектебінің мақсаты Назарбаев Университетінің Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы, инженерлерді оқытудағы жетекші ұйым болмақ. Мектеп жақсы ғалымдар, өнертапқыштар, менеджерлер мен мамандарды дайындауды мақсат етеді, сондықтан біздің түлектер химия, электротехника, машина жасау және құрылыс саласындағы жан-жақты кәсіби практикасы бар және нарық сұранысына дайын болады.Инженерия мектебі инженерлерді оқытудың тұтас және толық тәсілдерін ұсыну арқылы Қазақстандағы өнеркәсіп секторының жетекші мамандарын дайындайды. Инженерия мектебінде Студенттік өмір көптеген қызықты оқиғаларға толы: дәрістер мен семинарлар және практикалық тапсырмалармен қатар Инженерия мектебінде баға жетпес көптеген жобалар, конкурстар, көрмелер, өнеркәсіп нысандарына бару және студенттің тар аядан кең ойлауға, шығармашылыққа, нақты өндірісті жақсы түсіну мен пайдалы тәжірбие алуға мүмкіндік беретін іс-шаралар ұйымдастырылады.

Біздің студенттер халықаралық инженерлік қауымдастығы ұйымдастыратын түрлі академиялық, әлеуметтік және спорттық іс-шараларға қатысады.Инженерия мектебінің профессорлары өздерінің білімі мен бай тәжірибесін біздің талантты студенттермен бөлісу үшін әлемнің әр түкпірінен жиналған. Инженерия мектебінің студенттерді қабылдау талаптары өте қатал, сондықтан мұнда ең таңдаулы деген 1000-нан астам студент бар, олар ең қабілетті жастар болып табылады.

Өмір – бұл инженерия мектебіндегі таң-тамаша шытырман оқиғалар!
Инженерия мектебінде бізбен бірге болыңыз!

Не себепті біз?
Engineers engine the world! 

Инженерия дегеніміз не?

Инженерия – бұл проблемаларды шешу өнері болып табылады. Инженерия – ғылым мен техниканы біріктіру арқылы Жердегі өмір сүру сапасын табиғатпен үйлесімділікті қамтамасыз ете отырып жақсарту. Біздің аспанымыз бұдан былай бізді шектей алмайды, сондықтан инженерияның мақсаты Жер бетіндегі әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

Инженерия бізді қоршаған ортаны жақсарта түсу үшін ғылымның барлық салаларын қамтиды және адамзаттың өмір сүруі мен өркендеуінің жақсы стандартын ұсынады.

Шынында да инженерлердің басқа ғалымдардан ерекшелігі неде: ол қандай да бір дерексіз идеяларды тиімді және практикалық тәсілдер арқылы іске асыру қабілеті болып табылады.

Неге Инженерия? Зерттеу процесінде инженер өмірдің кез келген дерлік аясында қолданылуы мүмкін дағдыларға ие болады. Инженерия саласындағы жұмыс: жоғары табысқа әкеледі және кім де кім күш-жігерін жұмсаса солар үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады. Инженерия – бұл тұтас алғанда, қолданыстағы білімді пайдаланып қоғамның игілігі үшін жаңа жүйелерді қалыптастыру болып табылады, Назарбаев Университетінде біз зерттеулерді ғылымға жаңалықтарды енгізу және қазіргі бар өрістерді кеңейту үшін жасаймыз.
Инженерлер қатаң әлеуметтік жауапкершілікті аңғара отырып жарқын болашақ үшін құрастырады және жақсартады. Инженер ретінде, сіз әрқашан қоғамға және ғаламшарға деген көмектің нақты нәтижелерін көре аласыз. Олардың қызметінің әсерін сезіну – өз жұмысын дұрыс істеу үшін арнайы адамгершілік міндеттеме артады. Мәселелерге шығармашылық шешімдер жасай отырып, инженерлер біздің әлемді үнемі өзгертеді. Инженерлер барлық жерде жоғары бағаланады, инженер бола отырып, сіз өз жұмысыңыздың оралымдылығынан ләззат алып, мәселелерді шешуге үлес қосып, мағыналы нәрселерді жасап және ғаламшардың жақсаруына үлес қоса аласыз, ешқашан жалықпайсыз!

Инженер бол!

Ізбасар емес, жасампаз бол!

Приветствие Декана
charles-surya

Доктор Чарльз Суря Рочестер университетінде электротехника саласында докторлық дәрежесін алды. Оның ғылыми қызығушылығы оптоэлектрондық материалдар мен құрылғыларға, соның ішінде фотоэлектрик және фотодетекторларға бағытталған. Профессор Сурья қатты материалдар мен құрылғылар саласында 190-нан астам мақалаларды жариялады. 1994 жылы Гонконг политехникалық университетінің Электрондық және ақпараттық инженерия кафедрасында жұмыс істей бастады. 2007-2010 жылдар аралығында Инженерия факультетінің декан орынбасары, ал 2010 жылдан 2012 жылға дейін Инженерия факультетінің деканы болып қызмет атқарды. 2013 жылдан бастап Clarea Au электрондық және ақпараттық инженерия факультетінің энергетика профессоры болып тағайындалды. 1997 мен 2013 жылдары аралығында доктор Сурья Гонконг филиалының IEEE Electronic Instrumentation Society төрағасы болып тағайындалды. Қазіргі таңда ол IEEE электрондық құрылғылар қоғамының Оптоэлектрондық құрылғыларының Техникалық комитетінің төрағасы және Электрондық электр құрылғылары қоғамының журналының редакторы қызметтерін атқаруда.

 

Доктор Чарльз Сурья

Инженерия мектебінің деканы

Партнерлар

**