Біз туралы

Инженерия дегеніміз не?

Инженерия – бұл проблемаларды шешу өнері болып табылады. Инженерия – ғылым мен техниканы біріктіру арқылы Жердегі өмір сүру сапасын табиғатпен үйлесімділікті қамтамасыз ете отырып жақсарту. Біздің аспанымыз бұдан былай бізді шектей алмайды, сондықтан инженерияның мақсаты Жер бетіндегі әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

Инженерия бізді қоршаған ортаны жақсарта түсу үшін ғылымның барлық салаларын қамтиды және адамзаттың өмір сүруі мен өркендеуінің жақсы стандартын ұсынады.
Шынында да инженерлердің басқа ғалымдардан ерекшелігі неде: ол қандай да бір дерексіз идеяларды тиімді және практикалық тәсілдер арқылы іске асыру қабілеті болып табылады.

Неге Инженерия?

Зерттеу процесінде инженер өмірдің кез келген дерлік аясында қолданылуы мүмкін дағдыларға ие болады. Инженерия саласындағы жұмыс: жоғары табысқа әкеледі және кім де кім күш-жігерін жұмсаса солар үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады. Инженерия – бұл тұтас алғанда, қолданыстағы білімді пайдаланып қоғамның игілігі үшін жаңа жүйелерді қалыптастыру болып табылады, Назарбаев Университетінде біз зерттеулерді ғылымға жаңалықтарды енгізу және қазіргі бар өрістерді кеңейту үшін жасаймыз.

Инженерлер қатаң әлеуметтік жауапкершілікті аңғара отырып жарқын болашақ үшін құрастырады және жақсартады. Инженер ретінде, сіз әрқашан қоғамға және ғаламшарға деген көмектің нақты нәтижелерін көре аласыз. Олардың қызметінің әсерін сезіну – өз жұмысын дұрыс істеу үшін арнайы адамгершілік міндеттеме артады. Мәселелерге шығармашылық шешімдер жасай отырып, инженерлер біздің әлемді үнемі өзгертеді. Инженерлер барлық жерде жоғары бағаланады, инженер бола отырып, сіз өз жұмысыңыздың оралымдылығынан ләззат алып, мәселелерді шешуге үлес қосып, мағыналы нәрселерді жасап және ғаламшардың жақсаруына үлес қоса аласыз, ешқашан жалықпайсыз!

Инженер бол!

Ізбасар емес, жасампаз бол!