Кафедралар

Электротехника және компьютерлік инженерия саласының инженер маманы

Электротехника және электроника инженерлері электрондық жүйелерді эксплуатациялау, электр және электрондық жабдықтар мен қондырғылар өндірісін зерттеу мен жобалауды, әзірлеуді, сынақтан өткізуді және қадағалауды жүргізеді. Оларға спутниктік навигациялық жүйелер  (GPS), ірі электрогенераторлар жатады. Инженер-электротехниктер өнертапқыш болулары тиіс. Олар электр жабдықтарының өндірісі мен сынақтан өткізілуін бақылайды. Бұл жабдықтың кейбір түрлері электр қозғалтқыштарды, басқару, жарық беру механизмдерін және ғимараттардағы электр өткізгіштерді, радиолокациялық және  навигациялық жүйелерді, байланыс жүйелерін, энергетикалық компаниялар пайдаланатын электрмен қамтамасыз ету, басқару және беру қондырғыларын қамтиды. «Электротехника және электроника» деген терминдер жиі өзара алмастырылғанымен, инженер-электротехниктер әдетте электр энергиясын өндіру мен беруге басты назар аударады. Электротехника жөніндегі инженерлер болса, сигналдарды басқару немесе өңдеу жүйелеріне арналған электрді қолдану саласында жұмыс істейді. Инженер-электротехниктер энергия жүйелерін жобалау немесе электр жабдықтарын өндіру салаларында мамандандырылады. Электротехника жөніндегі инженерлердің көбісі компьютерлермен байланысты салаларда да жұмыс істейді. Алайда тек қана компьютерлік жабдықтармен жұмыс істейтін инженерлер компьютерлік жабдықтар инженерлері болып саналады. Бұл елеулі айырмашылық. Электротехника жөніндегі инженерлер байланыс, сигналдарды өңдеу және басқару жүйелері салаларында, сондай-ақ осы салалардың бірі, мысалы, басқару немесе авиациялық электроника жүйелерінде тұрақты түрде мамандандырылады.

Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің электротехника және электроника бағдарламасына қош келдіңіздер! Біз бір жағынан өндіріс саласына жататын, екінші жағынан өте қажетті бағдарламамызды мақтан тұтамыз. Біздің оқытушы-профессорлар құрамымыз бен студенттеріміз XXI ғасырдағы маңызды әлеуметтік проблемаларды шешуге арналған жаңа технологияларды әзірлей отырып,  электротехника мен электроникадағы жаңа бағыттардағы заманауи кешендерді оқып үйренеді.

Назарбаев Университетінде электротехника және компьютерлік инженерия бойынша оқыту

Назарбаев Университетіндегі электротехника және компьютерлік инженерия – электрондық және микроконтроллер жобалауға, коммуникациялық және желілік механизмдерге, электр машиналарының жұмыс істеуі мен мониторингіне, электр энергиясын шығару және бөлу жүйесіне, жүйелерді модельдеуге, автоматтандыруға және басқаруға ерекше көңіл бөле отырып, электротехника және компьютерлік инженерия негізіндегі басты инженерлік қағидаттар туралы студенттерге жан-жақты білім беретін, кең салалық пән. Түлектердің электротехника, ғылым мен техника саласындағы базалық білімді қажет ететін, одан әрі оқу немесе бастапқы деңгейде қызмет ету үшін қажет эксперименттер жүргізудің, жобалау мен коммуникацияның базалық дағдылары болуы тиіс.

Оқытушылар құрамы

Ұсынылатын бағдарламалар: