Кафедралар

Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласында инженер мамандығы

Механикалық және аэроғарыштық инженерия бойынша инженер болып шыққаннан кейін түлектер көптеген салаларда жұмыс істей алады: тау-кен өндіру, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау, автомобиль өнеркәсібі, аэроғарыш және авиация, өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясын өндіру және электроника өндірісі.

Механикалық және аэроғарыштық инженериясының негізгі салалары:

1) Материалтану;

2) Динамика;

3) Термодинамика;

4) Сұйықтық механика;

5) Механикалық дизайн.

Сонымен қатар, студенттерге өз мүдделеріне сай келетін элективті курстарға қатысуға мүмкіндік беріледі. «Механика және аэроғарыштық инженерия» департаменті болашақ түлектерді негізгі кәсіби дағдылармен қамтамасыз ету үшін әр түрлі пәндерді ұсынады. Барлық ұсынылатын пәндердін академиялық сапасы, қазіргі әлемде өзектілігі және кәсіптік біліктілік стандарттарына сәйкестігі үшін тексеріледі.

Механикалық және аэроғарыштық инженерия бағдарламасы

Инженерия мектебіндегі Механикалық және Аэроғарыштық инженерия бакалавр бағдарламасы - инновациялық жүйелі білім берумен қатар практикалық тәжірибе белсенді қолданылатын бағдарлама болуға негізделген. BEng бағдарламасы төрт жылдық оқу кезеніндегі үш жылы инженерлік модульдерді қамтиды. Бакалавр дәрежесі «Механикалық және аэроғарыштық инженерия саласындағы инженер» мамандығы бойынша беріледі. Сонымен қатар, НУ-де оқуды жалғастыруға мүдделі студенттер үшін екі жылдық магистратура ұсынылады.

Academic staff

Meet the faculty representatives of the department.

Academic programs: