Кафедралар

Құрылыс - бұл инженерлік саласының ең көнесі. Құрылыстың негізіне сүйене отырып, әлемнің жеті кереметтері – Мысыр пирамидалары, Ұлы Қытай қабырғасы, Римдегі атақты жолдар: әскерлердің және сауда керуендерінің жылдам жүруіне арналған, және де т.б. салынған. Бұдан шамамен 200 жыл бұрын Лондонда әлемдегі ең алғаш мамандандырылған инженерлік қоғам болып саналатын инженерлер-құрылысшылар Институты құрылды. Бұл институттың жарғысында инженер-құрылысшылардың мамандығы былай анықталды: “Құрылыс – бұл табиғат күшін адамның пайдасына қолдану өнері, мысалы, жолдар,көпірлер, ішкі және сыртқы сауда арналары, және порттар, маяктар сияқты басқа да аса маңызды инфрақұрылым объектілерін жасау, жабдықтарды баптау, қалалар мен ауылды мекендерді кептіру”.

Инженер - құрылысшылар күнделікті өмірдегі барлық салаларда қатысады. Олар жобалау, түрлі қоғам және жекеменшік объектілерін: жолдар, көпірлер, су және энергетикалық жүйелері, порттар, теміржолдар, әуежайлар және үй кешендерін салу арқылы біздің ортамызды қалыптастырады.

Назарбаев Университетінің Құрылыс және Экологиялық Инженерия кафедрасындағы профессорлардың академиялық тәжірибесі өте жоғары, сонымен қоса олар Қазақстандағы оқыту, зерттеу және қызмет көрсету сапасының стандарттарын орнатады.

Біздің мақсатымыз  - Еуразияның континентінде

Құрылыс саласында жоғары деңгейдегі білім беру және ғылым жағынан аймақтық көшбасшы болу, сонымен бірге халықаралық академиялық аренада кәсіби қоғамдастықтарымен бәсекелесу.

Біздің міндетіміз – студенттерге математика, физика және инженерлік ғылымдардан, құрылыс негіздерінен, коммуникативтік дағдылардан және гуманитарлық ғылымдардан жоғары сапалы білім беру. Назарбаев Университетінің Құрылыс және Экологиялық Инженерия кафедрасының басты мақсаты – Қазақстанның орнықты дамуына және өмір сүру сапасын жақсартуға үлесін қосатын студенттерді оқыту.

Құрылыс және Экологиялық Инженерия саласындағы Назарбаев Университетінде білім беру.

Біз құрылыс және экологиялық инженерия саласындағы инновациялық бағдарламасын ұсынамыз, бағдарламамыздың ерекшелігі – түрлі инженерлік мәселелерді кешенді түрде шешу.

«Құрылыс және Экологиялық Инженерия Бакалаврі» бағдарламасының оқу ұзақтылығы – 4 жыл. Кейін егер студенттердің зерттеу қабілеті болса, ғылым жолы мен оқытушылыққа қызықса, онда магистратура бағдарламасында оқуын жалғастыра алады.

Academic Staff

Academic programs: